Түркиядағы жойқын зілзаладан зардап шеккендерге Маңғыстау тұрғындары жинаған гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы жөнелтілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Жүк «Turkish Airlines» әуекомпаниясының «Ақтау-Ыстамбул» әуе рейсімен толық көлемде жөнелтілді. Альптекин Сабри облыс тұрғындарының қолдауы үшін алғысын білдірді.