Маңғыстау облысындағы "Оңтүстік Қаратұрын" кен орнындағы өрт екінші күн қатарынан жанып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Өңірлік төтенше жағдайлар депаратментінің мәліметінше, өртті сөндіруге газ-су сөндіру автокөлігі (АГВТ-150) тартылған. ТЖ жою бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, кеше "Бозашы Мұнай" ЖШС "Қаратұрын Южный" мұнай-газ кен орнында №303 ұңғыманы бұрғылау кезінде Южный учаскесінде 1088-1090 метр тереңдіктен бұрғылау құралын сыртқа шығару нәтижесінде ашық газ-су қоспасынан өрт шыққан еді.