Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық-Маңғыстау бағытындағы "Басқұдық ауылдық округінің автомобиль жолын қайта құрылымдау" нысаны бойынша 31 аялдама салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otpannews.kz-ке сілтеме жасап.
Аялдамалардың барлығы жарықшам, жылытқыш және салқындатқыштармен жабдықталған. Қазіргі таңда 31 аялдаманың 27 аялдамасы халық игілігіне пайдалануға беріліп отыр.
Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Ғабит Ерғалиұлы тұрғындарға аялдамалардағы тазалықты сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізгенін мәлімдеді.