Маңғыстауда жер сілкінді

25 Сәуір 2023, 16:00 1441

Маңғыстауда магнитудасы 4,7 жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы ақпарат таратты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жерасты дүмпуі Астана уақыты бойынша сағат 13:25-те тіркелді. Эпицентрі Форт-Шевченкодан солтүстік-шығысқа қарай 187 шақырым және Шетпеден солтүстікке қарай 104 шақырым жерде орналасқан. Ошақ 10 шақырым тереңдікте жатты, - делінген мәліметте.

Облыс тұрғындары жер сілкінісі сезілгенін әлеуметтік желіде жарыса жазды.

«Жер сілкінісі дүмпуін сезіндім. Сегізінші қабатта тұрамыз. Еден дірілдеп, жарық шамдары қозғалды», - деп жазады Ақтау қаласы шағын аудандарының бірінің тұрғыны Аманкелді Байзрахман.

Бұл жер сілкінісінен кейін өңірде ешқандай залал туралы ақпарат тіркелмеген.

Равиль Ашығали
Бөлісу: