Маңғыстауда жер қойнауын пайдаланушыдан 175 млн теңге өндірілді

21 Қыркүйек, 08:45 605

Прокуратура Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасының қызметіне жүргізген тексеру кезінде жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнама талаптарының бұзылуы анықталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық прокуратура мәліметінше, «BNG Ltd» ЖШС жер қойнауын пайдалану кезеңінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына 2022-2023 жылдарға арналған шығыстар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған. 

Прокурорлық қадағалау шараларымен мемлекет кірісіне 175 млн теңге қаржы өндірілді.

Зарина Арман
Бөлісу: