Маңғыстауда жемқорлық бойынша тәркіленген қаржыға 4 мектеп салынып жатыр

20 Тамыз 2023, 05:26 6567
Маңғыстау облысында жемқорлардан тәркіленген және білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына берілген қаражатқа төрт мектеп салынып жатыр. Барлық төрт нысан 2024 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Lada.kz.-ке сілтеме жасап.
 
Маңғыстауда үш ауысымда оқытуды жою, сондай-ақ оқушы орындарының тапшылығы проблемаларын шешу үшін төрт мектептің құрылысы жалғасып жатыр.
Ақтаудағы 19а шағын ауданында 1200 орындық мектеп, 18 шағын ауданда 1200 орындық мектеп салынады. Сондай-ақ Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылындағы "Алау" тұрғын алабында 1200 орындық мектеп салынады. Осы аудандағы Қызылтөбе ауылдық округінде "Қызылтөбе-2" тұрғын алабында да 1200 орындық мектеп бой көтереді, - деді Маңғыстау облысының білім басқармасының өкілдері. 
Басқарманың дерегі бойынша, білім ошақтары келер жылы пайдалануға берілмек. 
Перизат Саденова
Бөлісу: