Маңғыстауда жас сарбаздар танк жүргізіп, сынақтан өтті

7 Қараша, 02:23 359

Маңғыстау облысындағы «Оймаша» полигонында теңіз жаяу әскерлері бригадасын толықтырған жас жауынгерлер танк жүргізіп, сынақтан өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы теңіз жаяу әскерлері бригадасының және материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасының 576 жас сарбазы нақты ұрыс қимылдарына барынша жақын жағдайда оқудан өтуде.

Танк жүргізіп, сынақтан өту жауынгерлерді жақын қашықтықтағы ұрыс жағдайында жаудың сауытты техникасымен күресу әдістерін үйретуге мүмкіндік береді. Жаттығудың психологиялық тұрғыдан қиындығына қарамастан, жауынгерлердің бәрі кедергілерді еңсере білді, – деп атап өтті батальон командирінің орынбасары капитан Ратбек Қуатбеков.

Бұл тапсырманы бастамас бұрын сарбаздар шартты қарсыластың танктерімен күресудің негіздерін игерді. Сондай-ақ оларға әртүрлі ұрыс жағдайында танкке қарсы гранаталарды және қару-жарақты сауытты машиналарға қарсы қолдану ережелері мен тәсілдері түсіндірілді.

Таңертеңнен бастап кедергілер жолағына шықтық. Алдымен Калашников автоматын бөлшектеп-жинадық. Содан кейін ластанған аймақ пен тікенді сымды еңсеріп, 20 келілік жүкпен жүріп өттік. Сабақ танктерді жүргізумен аяқталды. Алған әсерімді сөзбен айтып жеткізу қиын. Мұны өзіңіз сезінуіңіз керек, – деді Ақмола облысынан шақырылған Давид Массеров.

Жас жауынгер курсы 23 қарашада аяқталады. Содан кейін олар әскери ант беріп, теңіз жаяу әскерлерінің шабуыл батальондарына жіберіледі.

Зарина Арман
Бөлісу: