Автовоз көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, 2003, 2004 жылғы төрт адам оқиға орнында көз жұмды, тағы бір адам Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Бейнеу аудандық ауруханасы директорының орынбасары Әсия Шонтыбаева зардап шегушінің жағдайына тоқталды.
2004 жылы туылған науқас бас миының контузиясымен, жабық бассүйек-ми жарақатымен түсті. Сүйек сынықтарының ығысуымен сол жақтағы сан сүйегі диафизінің жабық сынуы, сол жақ білек сүйегінің екі сүйегінің ашық сынуы, өкпе контузиясы, бет жарасы бар. Науқаста травматикалық шок бар, - деді Әсия Шонтыбаева.
Айта кетейік, жол апаты 25 ақпан күні сағат 11:42 шамасында «Сай-Өтес-Бейнеу» тас жолының 383-ші шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, соқтығысқан. Салдарынан көлік отқа оранды