Маңғыстауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда

16 Сәуір, 23:44 807

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Ақтаудағы Тобанияз Алниязұлы ескерткішінің аумағын көгалдандыру мақсатында тал көшеттері отырғызылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға мемлекеттік қызметшілер мен қала тұрғындары, «Green City Aktau» ЖШС қызметкерлері қатысқан. Экологиялық шараға қатысушылар биіктігі 3 метрді құрайтын «Черемуха» ағашының 50 түбін отырғызды. Сондай-ақ, ескерткіш аумағындағы жасыл-желектерді күтіп-баптау, түбін қопсыту және әктеу жұмыстарын жүргізді.

«Құс шие» ағашы (Черемуха) - биік жапырақты, кішкентай ақ хош иісті гүлдері мен жеуге жарамды жемістері бар бұта. Құс шие ағашының биіктігі 15-17 метрге жетеді. Ағаш қабығы, жапырақтары мен гүлдері ерекше иіс шығарады.Құс шие ағашының жемістері медицинада инфекциялық емес диареяға қарсы қайнатпа түрінде қолданылады.

Маңғыстау облыстық туризм басқармасының басшысы Ерсін Ибрашев қызметкерлерімен бірге сенбілікке белсене атсалысуда.

Бұл іс-шара тек экологиялық мәселелерді шешумен ғана шектелмей, қоғамдық сананы да көтеруге ықпал етеді. Бүгінгі тазалық жұмыстарының әсерінен жергілікті табиғатқа деген құрмет пен қамқорлық артады,- дейді Ерсін Ибрашев.

Асқар Таудай
Бөлісу: