Маңғыстауда қызылшаға шалдыққа 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр

10 Қаңтар, 23:47 674

Маңғыстауда қызылшаның 384 жағдайы тіркелді, бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 2,5 пайызға жоғары болып отыр, деп хабарлайды деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев қатысқан аппараттық кеңесте айтты. Өңір басшысы жағымсыз салдарларды болдырмау үшін мәселемен жұмыс жүргізуді тапсырды. 

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров бүгінгі күні қызылшаны жұқтырғандардың 281-і амбулаториялық емделуде, ал 103 адам ауруханаға жатқызылғанын атап өтті. Қазіргі уақытта ауруханада үш жүкті әйел және 64 бала, оның ішінде бір жасқа толмаған 22 бала бар. Оның ішінде төрт бала реанимацияда.

2023 жылғы статистикаға сәйкес, облыс аудандарында қызылша жұқтыру саны әр түрлі. Мысалы, Ақтауда 1034, Жаңаөзенде – 1369 жағдай тіркелген. Мұнайлы ауданында бұл көрсеткіш 1191 адамды құрайды. Алайда, басқа аудандарда жағдай қалыпты: Түпқараған қаласында - 192, Қарақияда - 552, Маңғыстау ауданында – 184, Бейнеу ауданында - 66 жағдай анықталды, - деп атап өтті Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Маңғыстау облысында инфекция ошағы пайда болған жағдайда вакцинаның қажетті резервтік қоры жеткілікті. Айта кету керек, қызылша асқынулармен қауіпті. Егер күдік болса, дұрыс диагноз қою және тиімді емдеу үшін дереу дәрігермен кеңесу керек, дейді Аманбек Жұмыров.

Ешқандай жағдайда науқас баланы балабақшаға немесе мектепке жіберуге, сауда орталығына баруға болмайды. Бұқаралық іс-шараларға, тойға, концерттерге, спорттық жарыстарға қатысуға тиым салынады. Қызылша жұқтырған ересектер сақтық шараларын сақтап, жұмысқа шықпауы керек, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Нұрлан Ноғаев қызылшаға қарсы вакцинация бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Аурудың салдары мен алдын алу әдістері туралы хабарлау үшін барлық қол жетімді байланыс платформаларын пайдалану қажет. Әр бала біз үшін қымбат. Вакцинациядан бас тартқан тұрғындар қоғам алдындағы жауапкершілікті ескермей, балалар мен қоса басқалардың да басын қатерге тігеді. Вакцинацияның төңірегінде көптеген мифтер мен фейк ақпараттар бар, бірақ қызылшаның нақты салдары туралы білетіндер аз. Біз екпе алудың маңыздылығын және медициналық мамандардың кеңестерін елемеудің салдарын түсіну үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуіміз қажет, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: