Маңғыстауда қызметкерлерді ереуілге қатысуға мәжбүрлеуде - полиция

24 Ақпан, 12:18 1119

Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысындағы бірқатар кәсіпорын қызметкерлерін алдау және зорлық-зомбылық қаупімен ереуілдерге қатысуды жалғастыруға мәжбүрлеу туралы ақпарат таратылуда. Бұл туралы облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полиция мәліметінше, мұндай жағдай «West Oil Software» ЖШС ұжымында болған, әйтпесе сот қызметкерлердің ереуілін заңсыз деп таныған.

Жалпы саны 100-ден астам адамға жеткен «West Oil Software» ЖШС-нің жекелеген жұмысшылары заңсыз ереуілге қатысудан бас тартып, өздерінің еңбек міндеттеріне кірісті. Алайда олар ереуіл белсенділерінің тарапынан қысым көруде. Мұндай әрекеттерге жол берілмейді. Аталған дерек бойынша егжей-тегжейлі тексеру жүргізіледі, - делінген мәліметте.

Бүгінгі таңда облыстық Полиция департаменті заңсыз ереуілге қатысуды жалғастыруға шақыру фактілері бойынша ҚК-нің 402-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Оларға қатысы бар адамдардың көрсетілген құқыққа қайшы әрекеттеріне құқықтық баға осы қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде берілетін болады.

Азаматтарды зорлық-зомбылық, қысым және алдау қаупі фактілері бойынша ішкі істер органдарына жүгінуге және арандатушылыққа берілмеуге шақырамыз.

Жансая Әділбек
Бөлісу: