Маңғыстауда онкологиялық науқастар жәрдемақыдан заңсыз айырылған

5 Қараша, 12:09 383

Маңғыстау облысының прокуратурасы онкологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуге жіберу тәртібінің заңдылығының жай-күйіне талдау жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Прокуратура мәліметінше, нәтижесімен қолданыстағы заңнама талаптарына қарамастан, 3-4-топтағы онкологиямен ауыратын және паллиативтік көмек алатын 661 адамның мүгедектікті ресімдеу және кепілдік берілген әлеуметтік жәрдемақыны алу мүмкіндігінен айырылғаны анықталды.

Осылайша, емдеуші дәрігерлер көрсетілген науқастарға қатысты, кейбіреулері бес жылдан астам «Д» есебінде тұрған, мүгедектікті, еңбек қабілетін жоғалту дәрежесін және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша жұмыстар атқарылмаған, - делінген мәліметте.

Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Бүгінгі күні заң бұзушылықтар жойылды. Денсаулық сақтау басқармасы аталған тұлғаларды медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуге жіберу жұмыстарын жүргізуде.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: