29 қазан күні облыста №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Маңғыстау аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Маңғыстау ауданы мәслихаты депутатының сайлауына өзін-өзі ұсыну бойынша 3 кандидат қатысуда. Тұрғындар 1 сайлау учаскесі арқылы кешкі 20:00 дейін дауыс бере алады,- деді Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы төрағасы Лазым Жонасов.
Депутаттыққа үміткерлер қатарында: "Дария" МКК басшысы – Нұркен Қожамбетов, "Маңғыстау жылу, су" МКК директоры – Талғат Ерманов және "Өрлеу" МКК басшысы – Амангелді Адиров бар.