Маңғыстауда марихуана өсірген тұрғын ұсталды

20 Мамыр 2023, 14:52 1100

2023 жылы 16 мамырда Маңғыстау облысы ПД есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері кинолог мамандармен бірлесе, қызметтік-іздестіру иттерін қолдану арқылы жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін өткізу барысында Ақтау қаласының 46 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күдікке ілінген азамат Мұнайлы ауданындағы өнеркәсіптік базада контейнер ішінде құрамында есірткі бар "марихуана" өсімдігін өсіру бойынша фитонарколабораторияны ұйымдастыру бойынша айыпталып отыр.

Полиция контейнерді тінту кезінде каннабиод тектес өсімдіктердің 17 бұтасы ("марихуана"), "марихуана" есірткі заты бар екі банка және екі байлам тәркіледі. "Марихуананың" жалпы салмағы - 351 грамды құраған. Сондай-ақ, 41 қорап марихуана тұқымы тәркіленді.

Ақтау қаласының аумағында тұрақты тұрғылықты жерін тінту барысында азаматтан жалпы салмағы 3 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Барлық алынған заттар бойынша сараптама тағайындалды.

Аталған деректер бойынша ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігі, ҚР ҚК 339-бабы 1-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданының полиция бөлімінің СДТБТ-де тіркелді. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Асқар Таудай
Бөлісу: