Маңғыстауда компания мұнай мен газды заңсыз өндіріп келген

19 Тамыз, 13:21 415

Табиғат қорғау прокуратурасы экологиялық заңнаманы бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық прокуратура мәліметінше, жер қойнауын пайдаланушы «Жалғызтөбемұнай» ЖШС 2024 жылғы 1-11 қаңтар аралығында экологиялық рұқсатсыз мұнай және ілеспе газ өндіруді жүзеге асырған.

Прокурорлық қадағалау актісімен аталған мекеме ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Айыппұл сомасы 7,8 млн теңгені құрады, - делінген мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: