Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңгені жымқырған

Бүгiн, 05:36 192

Облыс прокуратурасы Маңғыстау техникалық колледжінің қызметіне тексеріс жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otpannews.kz-ке сілтеме жасап. 

“Тексеріс нәтижесінде бас бухгалтермен 243 млн теңге көлемінде іс-сапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аудару арқылы бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды”, - деді Маңғыстау облысының прокуратурасы.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2 тармақшасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Асқар Таудай
Бөлісу: