Маңғыстауда ит талаған жасөспірімнің жағдайы белгілі болды

Кеше, 19:46 303

Маңғыстау облысында ит талаған 15 жастағы жасөспірімнің денсаулығына қатысты мәлімет белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бала облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды. Жағдайы тұрақты. Ем тағайындалды, - деп мәлімдеді облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі.

Бүгін өңірдің Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында мектеп-гимназия оқушысына ит шабуыл жасағаны белгілі болды. Оқыс оқиға таңертең сағат 09:20 шамасында болған. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: