Маңғыстауда халық әртісінің концерті өтіп жатыр

12 Наурыз, 06:32 887

Танымал эстрада жұлдызы Роза Рымбаеваның концерті Мұнайлы ауданында жалғасты. Әншінің сахна төрінде жүргеніне 50 жыл толуына орай өткен ән кеші халықтың көңілінен шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі облыстық қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Әр айтқан әнімізге ыстық ықыласын, тілегін, ниетін білдірген көрерменімізге  алғысым шексіз. Осы орайда маңғыстаулықтарды Амал мерекесімен құттықтаймын. Амал мерекесіне жылдан-жылға аман-есен жете берейік,- деді ҚР еңбек сіңірген өнер жұлдызы Роза Рымбаева. 

Әрі қарай кешті Әли Оқапов пен Мәди Рымбаев әсем әнімен әрледі. Әлидің орындауында «Мен қазақпын», «Бақытты қарсы алайық» атты әндері шырқалды. Сондай-ақ ол маңғыстаулық жұрттық ыстық ықыласы мен қошеметіне риза екенін жеткізді.

Кеш барысында аудан әкімінің орынбасары Сара Ноғайқызы өнерпаздарға алғыс білдіріп, гүл шоғын ұсынды.

Перизат Саденова
Бөлісу: