Маңғыстауда балабақша иелеріне 100 млн теңгеден астам айыппұл салынды

28 Тамыз, 12:35 385

Маңғыстаулық прокурорлар балабақшаларда бірқатар бұзушылық анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық прокуратура мәліметінше, тексеру нәтижесінде санитарлық нормалар, өрт қауіпсіздігі, еңбек заңнамасы, білім беру және медициналық қызмет салаларында бұзушылықтар анықталды.

Қазіргі уақытта аяқталған тексерулер бойынша 600-ге жуық әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Сондай-ақ, тексеру нәтижесімен 15 балабақшадан (3 мемлекеттік, 12 жекеменшік балабақша) 72,2 млн теңгеге мемлекетке залал келтіру дерегі анықталды. Атап айтқанда, 12 жекеменшік балабақшада қатыспаған балалар үшін негізсіз мемлекеттен 47 млн теңге көлемінде қаражат алған, - делінген мәліметте.

Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бұдан бөлек, үш мемлекеттік балабақшаның есепшілері 25 млн теңге қаражатты жымқырғаны белгілі болды, бұл жайтқа қатысты ҚК-тің 189-бабымен (жымқыру) 2 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: