Кеше Қаражанбас мұнай сервистік компаниясының қызметкерлерін Қаратұрын кен орнына апара жатқан автобус жолда жылқыны қағып, апатқа ұшырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otpannews.kz-ке сілтеме жасап.
Жол апатынан мекеменің төрт қызметкері жарақат алған. 1 адам қатты зардап шегіп, екі аяғы сынған. Жәбірленуші қазір облыстық ауруханада емделіп жатыр. Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, адам денсаулығы мен өзге мүлікке зиян келтірген автобус жүргізушісі жауапқа тартылған.
Қазір сараптама тағайындалды. Оның нәтижелеріне сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралатын болады. Қазіргі уақытта жануар иесінің жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Ол анықталғаннан кейін иесі ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға және жолда мұқият болуға шақырады, - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.