Маңғыстауда 2 жасар бала дәретханаға түсіп кетті

1 Сәуір, 11:31 944

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылында 2 жастағы бала дәретхана шұңқырына құлап кетіп, өлімнен аман қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқыс оқиға 31 наурыз күні болған. Аталған ақпаратты өңірдің төтенше жағдайлар департаменті растады.

Кеше күндіз сағат 13:12 кезінде Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылына шұғыл шақырту келіп түсті. Ауылдағы 2 орамда орналасқан үйдің ауласында орналасқан дәретхананың ішіне 2 жасар қыз-бала түсіп кеткені бойынша ақпарат хабарланды. Алайда шақырылған жерге жеткенге дейін, өз күштерімен құтқарылғаны белгілі болды, - деді Маңғыстау облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: