Маңғыстауда 19 млн теңгенің тауарын ұрлаған қылмыстық топ мүшесі ұсталды

15 Ақпан, 20:16 524

Ішкі істер министрлігі қоғамда "Заң және Тәртіп" қағидатын нығайтуға, оның ішінде әртүрлі қылмыстар жасағаны үшін іздеуде жүрген адамдардың орналасқан жерін анықтауға және оларды ұстауға бағытталған жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otpannews.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының "Бейнеу" теміржол станциясында көрші мемлекеттің азаматы ұсталды. Полицейлер ұрлық жасаған топ мүшелерін осыған дейін іздеп жүрген. Өткен жылы ер адам Атырауда топпен бірге базар қоймасынан 19 млн теңгеге тауар ұрлап кеткен.

Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: