Маңғыстау өңірінде қандай спорт секцияларына қатысуға мүмкіндік бар

30 Мамыр, 05:33 682
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасына сәйкес балалардың спорт секцияларына тегін қатысуды ұйымдастыру бойынша еліміздің алдағы жеті жылдық кезеңдегі даму барысы туралы жоспар құрылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, басты мақсат – Қазақстанда әділеттілік орнату. Құжатта ең алдымен экономика, әлеуметтік сала мен өңірлік саясаттағы түбегейлі өзгерістер туралы бастама көтерілді. 
 
Соның ішінде балаларға спорт секцияларына тегін қатысуға мүмкіндік беру бағыты бойынша бастама ерекше назарда болатыны айтылды. Сайлауалды бағдарламасын аясында  5 жылдық жоспар бойынша облыста  10 спорт кешен, 20 спорт зал, 100 спорт алаңы қолданысқа беру көзделген.5
 
Айта кетсек, осы жылы түбейгейлі өзгерістер біздің өңіріміздегі спорт саласында да қолға алынып, кешенді жоспарлар іске асырылуда. Бұл өзгерістер - спортшылар мен спорт мамандарының мүддесін ескере отырып  ашық  әрі нәтиже беретіндей екшеленген шешімдерге негіз болды.
I. Қазіргі таңда спорт мекемелері мен мемлекеттік спорттық тапсырысты қоса алғанда 30 мыңға жуық балалар мен жасөспірімдер тегін түрде спортпен қамтылуда. 
 
Өңірде Маңғыстау облысының дене шынықтыру басқармасына бағынысты 33 мемлекеттік спорт мекемесі қызмет атқарады. Оның ішінде 22 балалар жасөспірімдер мектебі, 6 спорт клубы (3 кәсіби клуб), 1 ұлттық спорт орталығы, 2 жоғарғы спорт шеберлігі мектебі, 1 Олимпиадалық даярлау орталығы,  1 ауылдық спорт кешен. 
Аталған спорт мекемелерінде 45 спорт түрінен 20 мыңнан астам жасөспірім дене шынықтыру және спортпен тегін түрде шұғылданып, өңір атынан Республикалық және Халықаралық жарыстарға қатысып, еліміздің құрама командасы мен спорт резервін толықтыруда.
Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарындағы тапсырмасын орындау мақсатында облыста 2021 жылдан бастап бұқаралық спортты дамыту мақсатында бюджеттен қаржыландыру арқылы спорттық тапсырыс (жан басына қаржыландыру) жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы бойынша 24 спорт түрі бойынша 4-17 жас аралығында 9076 жасөспірім мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында тегін түрде спорттық үйірмелерге қатысуда.
Мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында 2022 жылы 13 500 жасөcпірім, ал 2023 жылы 10 516 жасөспірім тегін спорттық үйірмелермен қамтылған болатын. 
 
II. Маңғыстау облысында 2023 жылдың қорытындысы бойынша 859 спорттық нысан бар. Облыста жаңа спорт нысандарының ашылуы, бұқаралық спортты дамытуға және балалар мен жасөспірімдерді тегін түрде спортпен қамтамасыз етуге үлкен мүмкіндіктер беруде. 2023 жылы 6 спорт кешен, 25 спорт алаңы, 3 спорт зал пайдалануға берілді.  
2023 жылы 25 спорт алаңы балалар мен жасөспірімдер спортпен тегін түрде қамтуға халық игілігіне қолданысқа берілді. «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржыландыруымен Қарақия ауданынан 9 спорт алаңы, «Бірлік» қоғамдық қорының қаржыландыруымен Жаңаөзен қаласынан 16 спорт алаңы қолданысқа берілді.  Жаңаөзен қаласында 3 спорт зал қолданысқа берілді.
 Спорт кешендер: 
Ақтау қаласы – 40 ш/а «BS Arena» СК жеке кәсіп есебінен, Өмірзақ Ауылы «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы арқылы салынған спорт кешен.
Жаңаөзен қаласы - «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы аясында Теңге кенті М.Ғабдулин 1Д, Кендірлі ауылынан
Мұнайлы ауданы – Жеке кәсіп есебінен «Әмір-Темір» СК
Бейнеу ауданы-Бейнеу ауылы Б.Майлин көшесі «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған СК.
 
2024 жылы облыста 2 спорт зал (Жаңаөзен қаласы) , 3 спорт кешен (Жаңаөзен қаласы,  Бейнеу ауданы,  Түпқараған ауданы), 23 спорт алаңы қолданысқа беріледі.
Сондай ақ «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында  2024 жылы Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау ауданы және Бейнеу ауданында спорт кешен құрылыстары аяқталып, аталған спорт кешендерді жасөспірімдерді тегін спорттық үйірмемен қамту мақсатында пайдалануға берілген болатын. Аталған бағдарлама алдағы уақыттарда да жалғасын тауып, спорт инфрақұрылымдарын дамытатын боламыз.
 
        III. Жасөспірім спортшылардың дене шынықтырумен айналысулары үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында қазіргі таңда Басқармаға қарасты спорт залдарға ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, жаттықтырушылар құрамы сапасын көтеру үшін аталған жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру жұмыстарына жоспарлар құрылып, кезең кезеңімен жүзеге асырылып келеді. 
Атап айтқанда, күрделі жөндеу Жаңаөзен қаласындағы №2 балалар және жасөспірімдер спорт мектебіне, ал ағымдағы жөндеу жұмыстары Қарақия аудандық БЖСМ, Түпқараған аудандық БЖСМ, Бейнеу ауданындық №2 БЖСМ, Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылындағы БЖСМ, Таушық спорт кешеніне  жүргізіледі.
 
IV. Өңіріміздің спорттық нәтижесін және сапалы спортты дамыту  мақсатында басқарма басшысы ретінде ағымдағы жылдың ақпан айында өңір басшысының алдында есеп беріп, облыс әкімінің шешімімен біршама бастамалар хаттамаға еңіп, қазір таңда жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтсақ:
1. Өңірде балаларды тегін түрде қамтитын спортта дарынды балаларға арналған мектеп- интернат колледжін ашу басты міндеттердің бірі. Алғашқы кезеңде облыстың мектеп интернатында тегін түрде 100-ге жуық спортшыны қамтып, спорттық жетістіктерді дамыту үшін жоғарғы санатты жаттықтырушыларды тарту жұмыстары жүргізілетін болады.   
 
 
 
Перизат Саденова
Бөлісу: