Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Астанада өткен Болат Назарбаевтың асына шақырылмағанын айтты. Бұл туралы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еске сала кетейік, Астананың Бас мешітінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев қайтыс болған інісі Болат Назарбаевтың құрметіне ас берген болатын. Асқа елімізде түрлі лауазымды қызмет атқарған танымал тұлғалар қатысты.
Маңғыстау облысының басшысынан тілші барған-бармағанын сұрады.
Асқа шақырылған жоқпын, – деп қысқа қайырды Нұрлан Ноғаев.
Естеріңізге сала кетейік, 13 қараша күні тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев 71-ге қараған шағында созылмалы аурудан қайтыс болғаны мәлім болды.