Маңғыстау облысындағы Абай мектебінің оқушылары төрт ауысымда оқудың алдында тұр - депутат

15 Шілде 2023, 17:22 1014

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында Абай атындағы мектепте білім беру төрт ауысымға жетудің алдында тұр. Бұл туралы «Аманат» партиясының Маңғыстау облыстық филиалында өткен жиында аймақтық мәслихат депутаты Пания Сармұрзина мәселе көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Облыстық мәслихаттың депутаты П.Сармұрзина отырыста Бейнеу, Маңғыстау аудандарындағы өзекті жайттарды айтып, мәселенің нақты қай уақытта шешілетіндігін сұрады.

Маңғыстау ауданындағы Тұщыбек ауылының маңында Отпан тарихи-мәдени кешені бар. Сол маңда ғалымтор өте нашар. Әлі күнге дейін мәселе шешімін таппай отыр. Мектеп есепшілері тиісті құжаттары қалаға келіп жіберуге мәжбүр. Ал «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша Бейнеу ауданындағы Абай атындағы орта мектептің нысаны мәселеге айналған. 1966 жылы салынған ғимаратта оқушылар 4 ауысымда оқуға таяды. Жаңа мектеп салуға келгенде оны құрылысы жоспардан алынып тасталған. Енді жер дайын болғанда құрылыс басталмай отыр, - деді депутат сауалында.

Интернетпен қамтамасыз ету бойынша Маңғыстау облыстық цифрлық технологиялар басқармасының цифрландыруды дамыту бөлімінің басшысы Аслан Хадим өңірді интернетпен толық қамту 2027 жылы аяқталатынын атады.

Тұщыбек ауылындағы интернет мәселесі бойынша Маңғыстау облысының ауылдарында интернет орнатуды республикалық бюджетіне қосу ұсыныс енгізілген. Қазір соған байланысты тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Ұлттық жобаға бірқатар ауылдарға интернет қосу қарастырылғаны белгілі. Тұщыбек ауылында мобильді интернетті орнату 2027 жылға дейін орындалады. Ұлттық жоба қабылданып, бюджеті бекітіліп жатса жоспарлаған уақыттан ертерек қосылады. Адам саны аз болғаннан кейін Тұщыбек ауылы жобалардан тыс қалып отыр», - деді Аслан Хадим жауап беру кезінде.

Ал Бейнеу ауданында оқушылар үш ауысыммен оқып жатқан Абай атындағы мектептің жаңа нысанын салу әзірге басталмаған.

Бейнеудегі Абай мектебінің құрылысының нысаны бөлінген жер аумағына сыймайтын болғандықтан жоспардан алынып тастады. Қазір тиісті жер басқа аумақтан қарастырылды. Орны құжатпен бекітілді. Енді «Жайлы мектеп» емес, басқа да министрлік жанындағы Білімді дамыту қоры арқылы «Ауыл - ел бесігі» жобасына еніп, құрылысы салынады», - деді Маңғыстау облыстық білім басқармасының өкілі.

 

Асқар Таудай
Бөлісу: