Бүгін таңертең Маңғыстау облысының тасжолында жол апаты болып, салдарынан алты адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Маңғыстау облыстық ПД мәліметінше, қайтыс болғандардың барлығы Өзбекстан азаматтары. Олар Ресейден келе жатқан.
16 қазан күні сағат 7:30-да Бейнеу-Тәжен тасжолында Jac автокөлігінің қатысуымен жол апаты болды. Көлік шекарадан өту үшін кезекте тұрған МАН жүк көлігімен соқтығысқан. Барлығы көлікте 10 адам болған. Солардың төртеуі Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілген. Олардың жағдайы орташа ауыр. Барлық медициналық көмек көрсетілуде. Оқиға орнында алты адам қайтыс болды, - делінген мәліметте.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.