Маңғыстау облысында үшем дүниеге келді

2 Қыркүйек 2023, 09:20 835

Маңғыстауда биыл үшінші рет дүниеге келген үшемдер үйлеріне шығарылды,- деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Нәрестелерді емдеп жетілдіру бөлімшесінің меңгерушісі Гүлзада Смағұлқызының айтуынша, биыл  6057 сәби дүниеге келген. Соның ішінде, 114-і егіз көрінеді.

Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, биыл үшем саны жоғары. Сондай-ақ, 1 қыркүйекте салмағы 1,500 гр,  1,400 гр және 850.0 гр болып дүниеге келген сәбилердің біреуінде туа біткен жүрек ақауы анықталған. 63-ші тәулікте сәбиге ота жасалған. Толықтай ем алып, жағдайлары тұрақталып, бүгін, 69-шы тәулікте, аналарымен бірге аман-сау үйге шығарылды.

Осы қуаныштың басты себепкері үшемнің анасы Назым Тұрсынова ерекше толқыныста екенін жеткізді. 9 жыл күткен алғашқы сәбилері болғандықтан уайымдағанын да жасырмады. Ол бар ризашылығын «Ана мен бала» орталығының дәрігерлеріне жеткізді. 

Расында, үшем дүниеге келеді деп ойламадық. Өйткені, бұл тұқымымызда алғаш рет болып жатырған зор қуаныш. Көптен күткен сәт болғасын, және тұла бойымды жарып шыққан тұңғышым болғандықтан қуанышымда шек жоқ. Сондай-ақ,  көмектерін аямаған дәрігерлерге ризамын. Барша отбасыға осындай қуаныш бұйырсын деген тілек білдіргім келеді, - деді Назым Тұрсынова.

Асқар Таудай
Бөлісу: