Маңғыстау облысында спорт саласы қалай дамуда

30 Сәуір, 04:34 924

Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2023 жылғы нәтиже бойынша спортпен айналысушылар саны 300 мыңнан асты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Маңғыстауда спортпен шұғылданушылардың саны 323 793 адамды құрайды. Оның ішінде ауылдық жерлерде – 165 912 адам спортпен айналысады. Бұл өңір халқының шамамен 41 пайызын құрайды.

Спортпен шұғылдану көрсеткіші бойынша Маңғыстау ауданы көш бастап тұр. Соңғы үш жылдың ішінде бұл көрсеткіш 11,3 пайызға өскен. Ал ең төменгі көрсеткіш Ақтау қаласына тиесілі. Яғни, қала халқының бар болғаны 1,8 пайызы спортпен айналысады.

Өткен жылы 82 спорт нысаны пайдалануға берілді. Қазіргі таңда өңірімізде барлығы 859 спорттық нысан тіркелген. Салалық инфрақұрылымды дамыту бойынша Жаңаөзен қаласы алдыңғы қатардан көрініп отыр. Соңғы үш жылдың ішінде қалада 2 спорт кешені, 9 спорт залы, 36 спорт алаңы пайдалануға берілді. Бұл ретте Маңғыстау ауданының көрсеткіштері төмен болып отыр. Осы уақыт аралығында онда 2 спорт залы, 4 спорт алаңы пайдалануға берілген.

Жалпы, өткен жылы 1459 спорттық іс-шара өткізілді. Олардың аясында 140 мыңнан астам адамды қамтуға мүмкіндік болған. Енді басқармаға қарасты спорт мектептерінің саны 31. Атап айтқанда, 21 балалармен жасөспірімдер спорт мектебі, 6 спорт клубы, 2 жоғары спорт шеберлігі мектебі, 1 олимпиадаға даярлау орталығы және 1 ұлттық спорт орталығы бар.

Ауылдық жерлерде БЖСМ-нің санын көбейту мақсатында былтыр Теңге және Бейнеу ауылдарында 2 БЖСМ ашылып отыр. Қазіргі таңда өңіріміздегі осы орталықтарда 19981 спортшы шұғылданады.

Спорт саласындағы жеке кәсіпкерлік бастамаларға да қолдау көрсетіліп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2021 жылдан бері жергілікті бюджеттен жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда осы бастаманың аясында 80 жеке кәсіпкердің өтінімі расталып, 26 спорт түрінен 701 спорт секциясы ашылды. Нәтижесінде қосымша 10 516 бала спортпен қамтылғанын атап өткен жөн.

Осы ретте өңірдің спорттық нәтижелеріне тоқталған дұрыс. Бұл біздің спорттық әлеуетіміздің қандай деңгейде екенін айқын көрсетеді.

Былтыр Маңғыстау облыс республикалық жазғы спартакиададан 18-ші орын алды. Өткен жылы өткен Азия ойындарында шахматтан 1 қола медальға ие болдық. Өңірлер арасындағы медаль кестесінде тағы да 18 орыннан көрініп отыр.

Биыл елімізде Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтетінін жақсы белгілі. Көшпенділер ойынында 24 спорт түрі бойынша 110 медаль сарапқа салынады. Оған Қазақстаннан 250 спортшы қатысады. Маңғыстау өңірінен сол дүбірлі додаға 2023 жылдың қорытындысы бойынша жолдама алған 1 ғана спортшы болды. Қазіргі таңда жолдама саны 4 спортшыға жетті. Олар қазақ күресінен Нұрдаулет Жарылғапов, Саера Мырзахметова, белбеу күресінен Маржан Қаналиева, теңге ілуден Саясат Аманқұлов сынды спортшылар.

Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының өтуіне де көп уақыт қалған жоқ. Алайда өңірімізде әлі күнге дейін олимпиадаға жолдама алған спортшы жоқ. Үміткер спортшылар ретінде еркін күрестен Майис Алиевті, велоспорттан Сергей Понамаревті атауға болады.

Қазіргі таңда пара спортшыларымыздың ғана жетістіктері көңіл қуантады. Өздеріңізге мәлім, пара Азия ойындарында біздің өңірімізден 3 спортшы қатысып, 1 жерлесіміз отырып ойнау волейболынан күміс медальға ие болды. Осылайша, өңірде Париж олимпиадасына 1 жолдама бар деуге болады.

Спорттық нәтижелер спорттық атақтар алуымызға тікелей әсер ететіні сөзсіз. Бұл ретте біз өткен жылы ең соңғы орынға тұрақтадық (ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы – 2, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері – 12, Спорт шебері – 58, Спорт шеберіне үміткер – 572 спортшы).

Маңғыстауда жоғарыда аталған спорттық нәтижелер кешенді, нақты, кей жағдайда батыл шешімдер қабылдауды қажет етті және осы орайда біз бірқатар бастаманы қолға алынып отыр.

Бірінші кезекте, саланың кадрлық әлеуетін арттыру маңызды деп саналады. Сапалы, білікті әрі тыңғылықты іріктелген кадрлық құрам – жоғары нәтижелерге қол жеткізудің кілті болмақ.

Сондықтан, жаттықтырушылардың біліктілігін күшейтуге мән беру аса маңызды. Басқармаға қарасты спорт мекемелерінде 813 жаттықтырушы қызмет атқарады. Олардың 49 пайызының ғана жаттықтырушылық санаты бар. Ал соңғы 3 жылда 51 пайызының біліктілік деңгейі арттырылмағаны белгілі болып отыр. Осыған байланысты осы жылдың аяғына дейін жаттықтырушылар құрамының біліктілігін кезең-кезеңімен арттыруды жоспарланған. 28 наурыз - 2 сәуір аралығында Ақтау қаласында Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен, Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының қолдауымен спорт мамандарына арналған біліктілікті арттыру курсы өтті.

Бұл біліктілікті арттыру семинар курсына облыстағы барлық спорт мекемелерден 200-ден астам спорт маманы қатысып, біліктілігін арттыратын болады. Және бұл бастама жалғасын табады. Екіншіден, спорт мекемелерінің басшыларын аттестациядан өткізу маңызды. Себебі, спорттық нәтижелердің жақсы болуы білікті менеджментке тәуелді.

Қолданыстағы ережеге сәйкес мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын мекемелердің басшылығы 3 жыл сайын аттестациядан өтуі тиіс. Алайда 8 жыл бойы аталған аттестация өткізілмегені белгілі болып отыр. Осы олқылықтың орнын толтыру қажет. Осы орайда, кезекті аттестацияны осы жылдың 15-26 сәуір аралығында бекіттік. Осы аралықта басқармаға қарасты спорт мекеменің басшылары мен орынбасарлары аттестациядан өткізді.

Үшіншіден, спорт басқармасына қарасты спорт мектептерінің жұмысын жүйелеуді қолға алынды.

Осыған дейін 10 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі өздеріне тиісті емес спорт түрлері бойынша үйірме ашып алған. Мәселені зерделеу барысында мектептің салалық ерекшелігіне тән емес 19 спорт түрінің жұмыс істеп келгенін анықталды.

Бұдан қандай проблема туындайды? Осы жағдайдың себебінен негізгі спорт түрлерін дамытуға қаражат жеткіліксіз болып отыр. Мысалы, кейбір жағдайларда жалпы іссапарға бөлінген қаражаттың 10 пайызы ғана негізгі спорт түріне бағытталған. Соның салдарынан спорттық нәтижелер төмен болып отыр. Бұл мәселені жоюға негізделген жұмыстарды біз бастап та кеттік. Қазіргі таңда 59 штаттық бірлікті және 39 жаттықтырушыны өздеріне тән мамандандырылған спорт мектебіне ауыстыру жұмыстары аяқталды. Мұндай жүйелеу басқарудың тиімділігін арттырады деп саналады.

Сонымен қатар, үнемі үлкен спорттағы жетістіктерімізді арттыруға мән беру қажет. Бұл өңірлік спортты бағалаудың басты критерийі десек артық айтқандық болмас. Сондықтан, осы ретте мынадай ауқымды, күрделі, бірақ қажетті бастамаларды қолға алған орынды деп есептеліп отыр. 

Перизат Саденова
Бөлісу: