Маңғыстау облысында оқушыны ит талап тастады

Кеше, 17:37 391

Маңғыстау облысында ит талаған 2009 жылы туған жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілдідеп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында мектеп-гимназия оқушысына ит шабуыл жасады. Оқиға бүгін, 21 қаңтарда сағат 09:20 шамасында болды. Жәбірленуші қажетті көмек көрсету үшін облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер 16 жастағы жасөспірімнің жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Полиция қызметкерлері ит иесінің жеке басын анықтады. Оған қатысты "әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 407-бабы ("жануарларды ұстау ережелерін бұзу") бойынша хаттама толтырылды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: