Маңғыстау облысында мектеп директоры мұғалімдерден заңсыз ақша жинап келген

22 Шілде, 10:24 639

Ұстаздардан ақша жинап келген мектеп басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мұнайлы ауданының прокуратурасы «№3 арнайы мектеп» КММ тексеру нәтижелері бойынша мекеме басшылығы тарапынан бірқатар заң бұзушылықты анықтады.

Маңғыстау облысы прокуратурасының мәліметінше, мектеп басшылығы ай сайын «Kaspi bank» және «Halyk bank» мобильдік қосымшалары арқылы қарамағындағы қызметкерлерден ақша қаражатын заңсыз жинап келген.

Формальді бұйрықтар шығару және жеке тұлғаларға артық сыйлықақылар есептеу негізінде ақша қаражатын заңсыз аудару фактілері анықталды. Сондай-ақ мектеп директоры өз қарамағындағылардан өзіне салынған әкімшілік айыппұлдарды төлеуге мәжбүрлеген, - делінген мәліметте.

Аталған арнайы мектептің лауазымды тұлғаларына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша ҚК 361-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: