Маңғыстау облысында көлік жүргізушісі бекіремен ұсталды

17 Қыркүйек 2023, 13:51 707

Маңғыстау облысында "Жалдамалы" жедел-алдын алу іс-шаралары кезінде Қарақия ауданының полиция қызметкерлерімен бірлескен жұмыс барысында жол бойынна тоқтатылған "Нива" маркалы автокөлігінен бірнеше бекіре балығы табылды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі Маңғыстау облысының полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Көлікті тінту кезінде заңсыз ауланған сегіз дана бекіре балығы тәркіленіп отыр. 

Полиция қызметкерлері 54 жастағы күдіктінің жеке басына қатысты бірнеше деректі анықтады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Ал бұдан өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Асқар Таудай
Бөлісу: