Маңғыстау облысында астан тағы да 16 оқушы уланып қалды

13 Қыркүйек, 12:03 513

Маңғыстау облысында Бейнеу ауылындағы жалпы білім беретін мектептің 16 оқушысы уланып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері балалардың жағдайы тұрақты екенін мәлімдеді.

12 қыркүйек күні сағат 18:34 шамасында Бейнеу ауылындағы жалпы білім беретін мектептің 16 оқушысы іштің ауыруымен аудандық жедел жәрдем бөліміне жүгінді. Қабылдау бөлімінде ол ауызша регидратация және инфузиялық терапия жүргізді. 16 бала үйлеріне жіберілді. Оқушылардың денсаулық жағдайы тұрақты. Бүгін барлығы мектепке барды, - деп хабарлады басқарма өкілдері.

Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары мектептен тамақ пен ауыз су сынамаларын алып, сараптамаға жіберді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: