Маңғыстау облысында 23 адам уланып ауруханаға түсті

25 Ақпан, 17:52 790

Бейнеудегі «Али-ман» мекемесіне барғаннан кейін 23 адам орталық аудандық ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Lada-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Олар бұл орынға 23 ақпанда кешке барған.

Аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне 15 адам жеткізілген, оның ішінде балалар да, ересектер де бар. Уланғандар арасында жүкті әйел де болған. Қалған сегіз адам емді үйінде алып жатыр.

Маңғыстау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеру жүргізіп жатыр.

Жансая Әділбек
Бөлісу: