Маңғыстау облысында 1 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Бүгiн, 09:32 167

Маңғыстау облысының «Отеу-Бақай» жерінде 1000 гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР АШМ Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті өтініш негізінде шаруа қожалығына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Шаруа қожалығын жүргізу үшін бөлінген жер учаскесі ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмағаны анықталды. Меншік иесіне жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Нұсқаманың бір жыл ішінде орындалмауына байланысты сот шешімімен меншік иесіне әкімшілік айыппұл салынды.

Департамент жер учаскесін мемлекет меншігіне мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз берді. Сот шешімімен Департаменттің талаптары толық қанағаттандырылды.

Перизат Саденова
Бөлісу: