Маңғыстау мен Батыс Қазақстанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

13 Ақпан 2023, 03:28 890

Өңірлерде көктайғақ, боран болады деп күтілуде

13 ақпанда Маңғыстау мен Батыс Қазақстан облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Түнде Маңғыстау облысының батысында, күндіз оңтүстігі мен орталығында көктайғақ болады деп болжанып отыр. Облыстың оңтүстік-батысында оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Ақтауда көктайғақ болады деп күтілуде.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде боран болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ орын алуы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік батыстан жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Оралда жаяу бұрқасын жүруі мүмкін. Күндіз көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні секундына 18 метрге жетеді.

EL.KZ
Бөлісу: