Маңғыстау әкімі парсы президенті Ибрахим Раисидің қазасына байланысты Иран Консулдығына барды

23 Мамыр, 20:42 991

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Иран Ислам Республикасының Бас консулдығында болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

23 мамырда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Иран Ислам Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығында болды. Аймақ басшысы тікұшақ апатында көз жұмған Иран президенті Ибрахим Раиси мен үкіметтік делегация мүшелерінің қазасына байланысты Иран халқына көңіл айтып, қолдау білдірді. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисидің мезгілсіз қайтыс болғаны туралы хабарды үлкен өкінішпен қабылдадым. Ибрахим Раиси саналы ғұмырын Отанға адал қызмет етуге арнаған елінің адал перзенті болды. Барша маңғыстаулықтардың атынан және жеке өз атымнан Иран халқына көңіл айтамын, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Перизат Саденова
Бөлісу: