Өскемен қаласында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының VI қысқы Спартакиадасы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мұз айдыны шеберлерінің сайысында ерлер мен әйелдер арасындағы жалпыкомандалық есепте Астана қаласы көш бастады.
Спартакиаданың қорытындысы төмендегідей:
Жалпыкомандалық орында:
Астана қаласы (2 алтын, 1 қола);
Алматы қаласы (1 күміс);
Қызылорда облысы (1 күміс).
Ерлер
Диас Жиренбаев (Астана қаласы);
Артур Смағұлов (Қызылорда обл);
Олег Мельников (Шымкент қ.).
Әйелдер
Софья Самоделкина (Астана қ.);
Амира Ирматова (Алматы обл);
Зере Сарбалина (Астана қаласы).
Айта кетейік, аталмыш додаға еліміздің 7 облысы мен 3 қаласынан 70-тен астам атлет қатысты.