«Манчестер Юнайтед» Нұралы Әліпке қатысты пікір білдіруден бас тартты

24 Қараша 2023, 17:47 1408

Ағылшынның «Манчестер Юнайтед» клубы «Зенит» пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліпке қызығушылық танытқаны туралы қауесеттерге қатысты мәлімдеме жасаған жоқ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біз трансферлер туралы қауесеттерге қатысты түсініктеме бермейміз, — дейді аты-жөні аталмаған «Манчестер Юнайтед» баспасөз қызметінің өкілі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін МЮ Әліпке қызығушылық танытып отыр деген ақпарат тарады.

Осы маусымда 23 жастағы ойыншы «Зенит» сапында барлық турнирде 19 матч өткізді. Transfermarkt интернет-порталының ақпараты бойынша, Әліптің нарықтық құны – € 2 млн.

«Манчестер Юнайтед» ағылшын премьер-лигасында 12 турдан кейін турнир кестесінде алтыншы орында келеді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: