2023 жылғы Еуропаның үздік клубы және Англияның қазіргі чемпионы «Манчестер Сити» тағы сәтсіздікке ұшырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Қалалықтар» қатарынан бес матчта жеңіліп қалды, мұндай жайт 2006 жылдан бері болмаған.
24 қарашаға қараған түні Хосеп Гвардиола шәкірттері ағылшын біріншілігінің 12-туры аясында өз алаңында «Тоттенхэмді» қабылдап, 0:4 есебімен оңбай ұтылды.
Қонақтар сапынан Джеймс Мэддисон дубль авторы атанса, Педро Порро мен Бреннан Джонсон өз еншілеріне бір-бір голдан жазды.
Осылайша, «Сити» 2006 жылдан бері алғаш рет бес рет жеңілсе, ал клубтың бас бапкері Хосеп Гвардиола жаттықтырушылық мансабында алғаш рет қатарынан бес рет сәтсіздікке ұшырап отыр.
Қараша айының басынан бастап «Сити» «Брайтонға» (1:2), «Спортингке» (1:4), «Борнмут» (1:2) пен «Тоттенхэмге» есе жіберді (1:2).