Мамырдың соңында ауа райы қандай болады

29 Мамыр 2023, 11:14 919

Республиканың басым бөлігінің ауа райын атмосфералық фронтальді бөлімдер айқындайтын болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында бұршақ жаууы мүмкін, жаңбыр 30 мамырда Шығыс Қазақстанда, 1 маусымда Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында күтіледі.

Тек антициклон жотасымен Қызылорда және Ұлытау облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады.

Қазақстан бойынша күндіз температуралық фон: батыста және солтүстік-батыста – 28-36 градус ыстық болса, солтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта 25-35 градус, оңтүстікте 32-37 градус, шығыста 20-28 градусқа дейін жоғарылайды.

EL.KZ
Бөлісу: