МӘМС жүйесі түбегейлі қайта жаңартылады – министр

18 Наурыз, 12:58 772

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова биыл медициналық көмек пен амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қызметтерін сатып алуға 2,8 трлн теңге жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Оның ішінде тегін медициналық көмектің кепіл берілген көлемінің пакеті бойынша 1,6 трлн теңге, МӘМС пакеті бойынша 1,2 трлн теңге бөлінген.

Денсаулық сақтау саласының барынша өзекті жүйелі проблемаларына диагностика жүргізілді. Оларды шешудің негізгі тәсілдері әззірленді. Қызметтің 4 негізгі бағыты анықталып отыр. Бұл - МӘМС жүйесін түбегейлі қайта жаңарту. Екіншіден, медициналық көмек көрсету жүйесін жаңғырту. Үшінші саланы мемлекеттік басқару жүйесінен қайта құру және азаматтардың қалта шығыстарын азайту. Біздің жұмысымыздың басты басымдығы - пациентке бағдарлану, - дейді Әлназарова.

Министр медициналық ұйымдардың және жалпы саланың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету өзекті проблема болып тұрғанын атап өтті.

Бұл министрліктен бастап дәрігер мен мейіргерге дейін барлық деңгейде мемлекеттік қаражатты пайдаланудың жоғары қаржылық тәртібін, ұтымдылығын, тиімділігін және ашықтығын қамтамасыз ету,- деді ол.

Сонымен қатар, министр бюджеттегі қаражаттың бүгінгі күні азаюына байланысты ішкі резервтерді де жинақтау жолымен шешуді бағытталып отырғанын жеткізді.

Миражан Махан
Бөлісу: