МӘМС-ке қатысушылар саны бір жылдың ішінде 600 мыңға артқан

19 Мамыр 2023, 13:15 770

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев 2022 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгеннен кейін 2019 жылмен салыстырғанда жалпы өлім-жітім 8,8 пайызға төмендегенін атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Тимур Сұлтанғазиевтың айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу халықтың денсаулығына жағымды әсер етіп, өлім деңгейінің төмендеуіне көрсеткіш бола білген.

Сонымен қатар вице-министр денсаулық сақтау саласындағы шешуді қажет ететін бірқатар мәселенің бар екенін айтты.

Біріншіден, саланы созылмалы жеткіліксіз қаржыландыру Мемлекет басшысы да айтқан негізгі мәселе болып есептеледі. Бұл проблема тарифтердің медициналық көмекке жұмсалатын шығындарының нақты сәйкес келмеуінен туындайды. Тегін медициналық көмек және МӘМС пакеттерінің арасында қызметтер ағыны да бар. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары мен пайыздық мөлшері Чехия, Латвия сияқты кейбір елдерге қарағанда айтарлықтай төмен, - деді ол.

Сонымен қатар Тимур Сұлтанғазиев екінші мәселе – халықтың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жеткіліксіз тартылуы болып отыр дейді.

Қазіргі уақытта 3 миллионнан астам адам сақтандырылмаған және олар МӘМС шеңберінде көрсетілетін көрсетілетін медициналық көмекке қол жеткізе алмайды. Алайда өткен жылы халықты сақтандырумен қамтуда оң динамика байқалған. МӘМС-ке қатысушылар саны бір жылдың ішінде 600 мыңға артқан, - деді вице-министр.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: