Малайзиялық компания Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

6 Маусым, 21:55 486

Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Markmore Group» малайзиялық компаниясының төрағасы Тан Шри Халим Саадты қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Келіссөздер барысында тараптар әртүрлі салалардағы, соның ішінде энергетикалық сектордағы, атап айтқанда, газ өңдеу зауытын салу және сұйытылған табиғи газ өндіру жобаларын жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Бұл компания ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда табысты тәжірибеге ие, сондай-ақ фармацевтика, қалалық көлік (LRT), білім беру және т.б. салаларда маманданған.

Зарина Арман
Бөлісу: