Франция президенті Эмманюэль Макрон Ресей мен Украина арасында уақытша бітімгершілік туралы ұсыныс туралы хабарлады. Бұл туралы DW-ге сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Макронның сөзінше, Ресей мен Украина арасындағы бір айға ішінара бітімгершілік әуе мен теңізден жасалатын соққылардан, сондай-ақ энергетикалық инфрақұрылымға шабуылдан бас тартуды көздейді.
Егер атыс тоқтатылса, бітімгершіліктің майданда сақталғанын тексеру өте қиын болады, - деп атап өтті Макрон.
Оның айтуынша, «алдағы апталарда Украина жерінде еуропалық елдердің әскерилері болмайды». Келіссөздер бірнеше аптаға созылуы мүмкін, ал бітімгершілік контингент бейбітшілік келісіміне қол қойылғаннан кейін орналастырылуы мүмкін.