Макрон халыққа шұғыл үндеу жасайтынын мәлімдеді

Кеше, 16:33 573

Франция Президенті Эммануэль Макрон бүгін, 5 наурызда, халыққа арналған үндеуін жариялайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрметті отандастарым, бұл – үлкен белгісіздік кезеңі. Әлем бұрын-соңды болмаған қиындықтармен бетпе-бет келуде. Мен сіздерге бүгін кешкі сағат 20:00-де үндеу жасаймын, – деп жазды Макрон X әлеуметтік желісінде.

Алайда Франция президенті бұл шұғыл үндеудің себебін нақтыламады.

Бұған дейін Макрон Украинаға қатысты бейбіт жоспарды ұсынған болатын. Ол Еуроодақтың 6 наурыз, бейсенбі күні өтетін кезектен тыс саммитінде Украинаға жүздеген миллиард еуро көлемінде жаңа қаржылай көмекті қарастыратынын мәлімдеген.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: