Боксшы Махмұд Сабырхан Чианг Мэйдегі (Тайланд) Азия чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
54 келі салмаққа қайта оралған отандасымыз тайпейлік Лаи Ян-Линді бірінші раундта-ақ үш рет нокдаунға түсірді. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті ерте тоқтатты. Махмұд ширек финалда шри-ланкалық боксшымен жұдырықтасады.