Қазақстан құрамасының боксшысы Махмұд Сабырхан (54 келіге дейін) Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында кем дегенде қола медальді иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық спортшы ширек финалда Шри-Ланка спортшысы Кумара Джанаятпен кездесті. Сабырхан екінші раундта-ақ жеңіске жетіп, жекпе-жек тоқтатылды.
Айта кетейік, осымен Махмұд Сабырхан қатарынан екі рет жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады.