Магомед Адиев: Зайнутдинов Қазақстан құрамасының маңызды ойындарына қатыса алмайды

13 Қараша 2023, 15:03 1085

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев «СЭ-ге» берген сұхбатында «Бешикташтың» жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов құрама матчтарына қатыса алмайтынын айтты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Еуро-2024 аясында құрамамыз жақын күндері Сан-Марино мен Словения командаларымен ойнайды.

Алдағы ойындарда Бактиер болмайды. Қанша уақытқа екенін білмеймін. Дәрігерлер нақты уақытын айтпады, - деді Адиев.  

Бұған дейін Түркия клубы Зайнутдиновке операция жасалғанын мәлімдеген. «Бешикташ» клубының қазақстандық ойыншысы Түркия Суперлигасының 12-турында жарақат алып қалды. Допқа талас кезінде оның бетіне «Истанбул Башакшехир» ойыншысы Джером Опокудың шынтағы қатты тиіп кетті.

Қазақстан 17 қарашада Сан-Мариномен, ал 21 қарашада Словениямен ойнайды.

Қазақстан Н тобында 15 ұпаймен үшінші орында келеді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: