Магистратураға түсетін талапкерлер кешенді тестілеуді қалай тапсырады

6 Маусым 2023, 11:00 1227

Ұлттық тестілеу орталығы магистратураға түсетін талапкерлерге кешенді тестілеудің форматын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Магистратура екі бағытта оқытылады: ғылыми-педагогикалық және бейінді.

Ғылыми-педагогикалық магистратура

Оқу мерзімі - 2 жыл.

Тест тапсырмаларының саны – 130, жалпы балл – 150.

Тестілеу уақыты – 235 минут (3 сағат 55 минут).

Кешенді тестілеу 3 бөлімнен тұрады:

- Шет тілі бойынша тест (тыңдалым + лексика-грамматика + оқылым) – 50 тапсырма. Шекті балл – кемінде 25;

- Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест (сыни ойлау + аналитикалық ойлау) – 30 тапсырма. Шекті балл – кемінде 7;

- Білім бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест: бір дұрыс жауабы бар бірінші бейіндік пәннен – 30 тапсырма, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар екінші бейіндік пәннен – 20 тапсырма. Әр пәннен шекті балл – кемінде 7.

Білім грантын тағайындау конкурсына қатысуға немесе ақылы оқуға шекті балл – кемінде 75.

Бейінді магистратура

Оқу мерзімі - 1-1,5 жыл.

Тест тапсырмаларының саны – 80, жалпы балл – 100.

Тестілеу уақыты – 160 минут (2 сағат 40 минут).

Кешенді тестілеу 2 бөлімнен тұрады:

- Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест (сыни ойлау + аналитикалық ойлау) – 30 тапсырма. Шекті балл – кемінде 7;

- Білім бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест: бір дұрыс жауабы бар бірінші бейіндік пәннен – 30 тапсырма, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар екінші бейіндік пәннен – 20 тапсырма. Әр пәннен шекті балл – кемінде 7.

Білім грантын тағайындау конкурсына қатысуға немесе ақылы оқуға шекті балл – кемінде 50.

Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық стандарттарына сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаты бар тұлғалар ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша КТ-ның шет тілі тестінен босатылады.

Равиль Ашығали
Бөлісу: