«Маған да ұнамайды». Вице-министр байланыс тарифтерінің қымбаттауы туралы айтты

Кеше, 12:40 267

Сенат брифингінде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек мобильдік операторлар тарифі бағасының қымбаттап жатқанына байланысты ойын жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бізде тарифтік реттеу тетіктері жоқ. Операторларға ықпал ететін дайын құралымыз да жоқ, – деді Асхат Оразбек.

Сонымен қатар вице-министр байланыс пен интернет тарифтерінің өсуіне қатысты пікір білдірді. 

Вице-министр ретінде емес, қарапайым адам ретінде айтайын. Маған осы елдің азаматы ретінде тарифтердің өсіп жатқаны ұнамайды. Сондықтан тарифтердің өсуіне қатысты халық наразылығын түсінемін. Бірақ, екінші жағынан, вице-министр ретінде операторлардың да өз уәждері бар екенін білемін. Сол себепті бұл сұраққа біржақты жауап беру қиын, – дейді вице-министр.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: